• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Ақпан, 2024

Мүмкіндігі шектеулі балаға қол көтерген мұғалім жұмыстан қуылды

185 рет
көрсетілді

Оқиға Павлодар қаласындағы балаларды оңалту орталықтарының бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұғалімнің бұл әрекеті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда тәрбиешінің түрлі жаттығулар кезінде баланың басынан және қолынан ұрғаны көрсетілген.

Зардап шеккен тарап Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде шағымын жариялады. Автордың жазуынша, ұлының қолында көгерген жерлерді байқаған ана тез арада мекеме әкімшілігіне хабарласып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды сұратты. Бұған тәрбиешінің қатысы бар екені сол кезде анықталды. Мұғалім жұмыстан шығарылды, бірақ баланың анасы оны заң талабына сәйкес жазалауды талап етіп отыр. 

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма басшылығы бұл істі ерекше бақылауға алды.