• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Ақпан, 2024

Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

219 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің пара алу дерегі бойынша ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды», делінген Антикор хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Шапағат Әубәкір бұл лауазымға 2023 жылдың 19 қаңтарында тағайындалған еді.