Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы заңды талқылады.
Заңның мақсаты – екі елдің Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартының ережелерін жетілдіру. Сенаторлардың айтуынша, заң қабылданғанда әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдары болмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.
Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.