Астанада күн ашық, жауын-шашынсыз болады, жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -33...-35°C, күндіз -24...-26°C.
Алматыда қар жауады, 2-7 м/с жел соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы 0…-2°C, одан әрі төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 8-13 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C.
Талдықорғанда да қар жауады, жел екпіні 14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -8...-10°С, одан әрі төмендейді. Түнде облыс орталығында және таулы аймақтарда қалың қар жауады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C. Батыста, оңтүстікте және облыс орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз болады, желдің екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -28...-30°C, күндіз -18...-20°C. Облыс орталығында қар жауады.
Ал Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -12...-14°C.
Жезқазғанда күн ашық болады, 6-11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -33...-35°C, күндіз -24...-26°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -34...-36, күндіз -28...-30°С. Түнде облыстың шығысында бұрқасын күтіледі.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -31...-33°C, күндіз -22...-24°C.
Қонаевта қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C, одан әрі төмендейді.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -29...-31°C, күндіз -22...-24°C.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -13...-15°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -32...-34°C, күндіз -25...-27°C.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -29...-31°C, күндіз -22...-24°C.
Семейде 5-10 м/с жел соғады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -31...-33°С, күндіз -26...-28°C.
Таразда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4…-6°C. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қалың қар жауып, көктайғақ күтіледі.
Түркістан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -4…-6°C. Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -25...-27°С, күндіз -14...-16°С.
Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді, жел екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде -30...-32°С, күндіз -26...-28°С. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын күтіледі.