Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 15:55-тегі мәлімет бойынша Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олардың барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасады.
Еске салайық, бүгін таңертең Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалғанын хабарлаған едік. Кейінірек сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағының көмегімен Қалбатау ауылына 29 адам эвакуацияланғаны белгілі болды.