• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Ақпан, 2024

Екі бала өз бетімен шыққан. Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды

245 рет
көрсетілді

Бүгін таңғы сағат 03:30 шамасында Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайға бу жылыту қазандығының жарылуы себеп болған.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шыққан.

Құтқарушылар үйінді астынан ер адам мен 2008 жылы туған қызды алып шықты. Тұрғындар қазір медициналық ұйымның бақылауында.

24 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.