• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Ақпан, 2024

Аяз күшейіп, боран болады. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

6535 рет
көрсетілді

19 ақпан күні ел өңірлерінде температура төмендеп, аяз күшейеді. Қазақстанның шығысында көрсеткіш - 45 градусқа дейін түседі. Өңірлерде аяз қысып, қатты жел соғады. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Ертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аязбен қатар боран болып, қар жауады,  Жел 15-18 м/с күшейеді.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз сақталады.

Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, аяз қысады.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Таулы аймақтарда қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 23-28 м жетеді. Ал Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түркістанда жел 15-20 м/с күшейеді.