• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2024

Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіргендерге қандай жаза қолданылады?

176 рет
көрсетілді

Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Депутат Қарақат Әбден Оқу-ағарту вице-министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне балалардың буллинге ұшырауы және билеті жоқ баланы автобустан түсіріп кеткен кезде кім жазалатыны туралы сауал жолдады. 

«Ата-аналардың балаларының іс-әрекетіне жауапкершілігін күшейту мақсатында Әкімшілік құқықбұзушылық кодекске ата-аналарға жауаптылық беру қарастырылып отыр. Жұмыс тобында ол талқыланып жатыр. Сондай-ақ ірі қалаларда балаларды автобустан түсіріп кету жағдайлары бар. Кішкентай баланың ақшасы жетпей қалуы мүмкін. Бірақ оның артында балалардың тоңып қалуы, қараңғыда өзге де қатерге ұшырауы мүмкін. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында арнайы норма енгізіліп отыр. Министрлік бұл заңнаманы қолдайды. Бұл жерде жауапкершілік автобус жүргізушісі мен кондукторға қатысты болады», деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл норма 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты қолданылатынын айтты.

«Бұл бап осындай оқиғалардың жиі қайталануының алдын алады. Буллинг бойынша кішігірім жағдайлар мектеп пен мұғалімдер кеңесінде шешіледі. Ал ірі, ауқымды жағдайлар болса, әкімшілік жауапкершілікті қарастырамыз. Бұл – қоғамның сұранысы. Себебі көптеген құқық қорғау ұйымдары, ата-аналар өз балаларына қатысты замандастарынан буллингке ұшырайтынын айтады. Сондықтан бұл тенденция  да қажет және жағымсыз фактілердің алдын алуда жұмыс істейді деп ойлаймыз», деді Игорь Лепеха.