• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Ақпан, 2024

- 45 градус: Бүгін елімізде қатты аяз күтіледі

355 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 22 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, көктайғақ және қар күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының шығысында -40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градусқа дейін өте қатты аяз сақталады, Абай ауданында -35-40 градус, таулы аймақтарда қатты аяз болады. Жетісу облысында -27 градусқа дейін аяз күтіледі.