Бүгін Алматы қаласының тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы − 13.2. MPV магнитудасы − 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі − 10 км. Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 5 балл сезілген.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сиреналарды іске қосты.