• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Наурыз, 2024

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

355 рет
көрсетілді

Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 3 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де ел аумағында жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Ташкент облысының Бостанлық ауданында болды. Зілзала ошағы 15 км тереңдікте жатыр, магнитудасы - 3,6. Жерасты дүмпулерінің күші 2 баллды құрады.

Сейсмикалық орталық зілзала ошағынан Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 96 шақырымды құрайтынын қоса хабарлады.