• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Наурыз, 2024

Лицензиялық турнир: Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады

153 рет
көрсетілді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін шаршы алаңға шығатын үш жерлесіміздің жекпе-жегін Қазақстан уақытымен Бокс федерациясының инстаграм арнасының тікелей эфирінен көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Айбек Оралбай алғашқы айқасын өткізбек, Сәкен Бибосыновты екінші кездесуі күтіп тұр, ал Римма Волосенко турнирдегі үшінші жекпе-жегіне шығады. Сағат 15:00-де 60 келі салмақта Римма Волосенко – Камила Паоло Пинейро Муйно (Уругвай) бақ сынайды. Шамамен сағат 00:30-да 51 келі салмақ бойынша Сәкен Бибосынов – Давид Каранжа Мачариа (Кения) ойыны өтеді. Сағат 01:15-те 92 келіде Айбек Оралбай – Санжит (Үндістан) жекпе-жегі жоспарланған. Боксшыларымыздың жекпе-жектерін boxingkazakhstan инстаграм парақшасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар