Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы сапынан Жайна Шекербекова жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада жолдамасы үшін шаршы алаңға шыққан Жайна Шекербекова нигериялық қарсыласына есе жіберді.
Бәсеке тартысты өтті. Шукура Карим өзінің оңай шағылатын жаңғақ емес екенін раунд басынан аңғартты. Екінші раундта Жайна Шекербекова нокдаунға түсіп қалды.
Осылайша ол алғашқы айналымнан әрі аса алмады.