• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Наурыз, 2024

Алимент төлеуден жалтарған әкелердің көлігі сатылады

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, "Борышкер" рейдтік шарасын жүргізген.

- 857 мың 160 теңге, 1 миллион 518 мың 626 теңге, 2 миллион 483 мың 773 теңге, 2 миллион 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады, - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Жақын күндері алимент төлегісі келмейтін әкелердің жеке мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.

Соңғы жаңалықтар