• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Наурыз, 2024

Қазақтың екі балуан қызы жүлдегер атанды

299 рет
көрсетілді

Түркияның Анталья қаласында бүгін басталған дәстүрлі белгілі балуандар - Яшар Догуды, Хамит Капланды, Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстанның екі балуаны жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін әйелдер арасында  50, 57, 65, 76 кг салмағындағылардың белдесулері өтті. Енді ертең бұрымды спортшылар 53, 59, 62, 68, 72 келі салмақ дәрежесінде күш сынасады. 

Ұлттық құрамадағы Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс жүлде иегері атанып, Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, аталған турнирге биыл 25 елден 600-ден астам балуан жиналды.