• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Наурыз, 2024

Фермерге таңдау құқығы беріледі

153 рет
көрсетілді

Агробизнес ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды өзгерту жөніндегі жоспарды талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз, ел азаматтары ретінде, отандық машина жасауды дамытудың не екенін түсінеміз және соған мүдделіміз, алайда, бұл мәселені үш тұрғыдан: өнім берушілер, құрастыру өндірісі және тұтынушылардың өздері – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан қарау қажет. Бірақ, аграрлық бизнес өкілдері ҚР Үкіметінде ауыл шаруашылығы техникасының импортына мемлекеттік қолдау шараларын өзгертуге қатысты айтылған соңғы жоспарларға түсініктеме бере отырып, ең алдымен, біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүддесіне назар аударуымыз керек», дейді агробизнес өкілдері.

Агробизнес өкілдерінің пікірінше, Президент өндірісті екі есеге ұлғайту, машина-трактор паркін 10%-ға жаңарту міндетін қойды. Бұл жағдайда ауыл бизнесіне таңдау құқығын беру керек және сәйкесінше, қаржыландыру құралдарын құру қажет. Яғни, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзіне қажетті техниканы және оны сатып алу тәсілдерін өзі таңдай алатындай арзан ақша және ашық, қолжетімді нарық болуы тиіс. Жаңашылдықтар ел аграршыларының айтуынша, фермерлерді қандай ауыл шаруашылығы техникасымен жұмыс істеу керектігін таңдау құқығынан айыруы мүмкін.

Сонымен қатар АӨК салалық қауымдастықтар одағы Қазақстан Президентінің атына хат жолдады. Оның мәні – осы жоспарларды іске асыруға асықпау керек, шешімдерден пайда алушыларды және ұсынылып отырған өзгерістердің АӨК дамыту тиімділігіне әсерін мұқият зерделеу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елішілік құндылық мәселелері жөніндегі кеңесте импорттық жоғары өнімді техниканы сатып алу (лизинг) кезінде инвестицияларды және АШТӨ кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан бас тартуды ұсынған. Отандық ауыл шаруашылығы машиналарына лизинг 6%-бен берілген кезде, импорттық ауыл шаруашылығы машиналарына лизингті 15%-бен беру, сөйтіп, Қазақстанда аналогтары жиналатын импорттық ауыл шаруашылығы машиналары үшін инвестициялық субсидияларды толығымен жою ұсынылды.