Сербия елінің бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. 16 елдің 106 боксшысы қолғаптарын түйістіретін халықаралық турнир наурыздың 17-сіне дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы:
48 келі: Ернұр Қайрат 51 келі: Санжар Тәшкенбай 54 келі: Дәулет Молдашев 57 келі: Оразбек Асылқұлов 60 келі: Бейбарыс Жексен 63,5 келі: Ерасыл Таңқай 71 келі: Сабыржан Аққалықов 75 келі: Диас Молжігітов 80 келі: Ерасыл Жақпеков 86 келі: Темірлан Мұқатаев 92 келі: Данияр Рахымбердинов +92 келі: Олжас Боқаев