Польша елінің Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогінде Қазақстан спортшысы Данил Васильев 249.4 ұпаймен алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, FIS кубогінің ересектер арасындағы шаңғымен тұғырдан секіруден, бұл – Қазақстан спорты тарихындағы алғашқы жеңіс.
13 елден келген 78 спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін аяқталады.