Маңғыстау облысында тасжолда көлік апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау тасжолының 733-ші шақырымында болған.
«Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып қалды. Апат кезінде ауа райы ашық, жол жамылғысы құрғақ әрі таза болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota» көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шектен асырып, рульге ие бола алмай, «Shacman» жүк көлігімен соқтығысқан», деп хабарлады «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ.
Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі дене жарақаттарымен Мұнайшы ауылындағы медициналық мекемеге жеткізілді.