• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Наурыз, 2024

Өскеменде аялдамадан адамның мәйіті табылды

102 рет
көрсетілді

Өскеменде Назарбаев даңғылының бойында орналасқан жылы аялдама павильонында ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаментіне Назарбаев даңғылының бойындағы аялдамалардың бірінде адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Полицейлер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Павильон ішінен ер азаматтың мәйіті табылды. Болжам бойынша оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Ер адамның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз», делінген ақпаратта.

Аймақтық полиция департаменті мән-жайды анықтау үшін сараптама тағайындалғанын мәлімдеп, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін айтты.