• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2024

Қайырымдылық –жанның нұры

144 рет
көрсетілді

Елордада игі істер марафоны жалғасын тапты. «Астана жас­тары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қайы­рымдылық акциясын өткізді. Қоғам жанашырлары ком­муналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай үлес­тірді. Бұған қоса Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себетін таратты.

Қазір еліміздің түк­пір-түк­пі­рінде Наурыз­на­ма­ның он­күн­дігі өтіп жатыр. Қа­йы­рым­­дылық, жана­шыр­лыққа үндейтін «Мейірімділік күні» аста­налық жастарымыз да көп­пе­н бірге болды.

– Біз жыл бойына осындай форматтағы акцияларды жиі өткіземіз. Қарттарға, әлеу­меттік осылар топтарына жәр­дем беріп, үнемі назар­дан тыс қалдырмаймыз. Бас қаланың тыныс-тірші­лі­гіне жауапты көше қызмет­кер­леріне қыста ыстық шай мен тәттілерді үлестіруге жиі шығамыз. Осылайша, біз адам­дарды мейірімділікке, жана­шырлыққа және жақсы қарым-қатынасқа үндегіміз келеді, – деді волонтер Аружан Дәулетиярова.

Өз кезегінде, «Астана жас­та­ры» еріктілер қоз­ға­лысын да­мыту бөлімінің бас­шысы Эльвира Есмұ­ха­нова мұндай акция­лар­ды өткізудің және қайы­рым­дылық күнін атап өту­дің маңыздылығына тоқ­тал­ды.

– Бүгінде «Астана жас­тары» жастар ресурстық орталығының қатарында 5 мыңнан астам волонтер бар. Еріктілермен бірге тіпті аз мүмкіндікпен де бір-бірімізге көмектесуге болатынын көрсеткіміз келді. Жастар коммуналдық қыз­мет­керлерге арнап акция өткізу бастамасын көтерді. Олар ауа райының қолай­сыз­дығына қарамастан қала­да тәртіп пен тазалықты сақ­тайды. Сондықтан жана­шыр­лар ыстық шай мен ба­уыр­­сақтарды таратумен қатар, қар күреуге көмек көр­­се­теді, халықтың әлеу­мет­­тік осал топтарынан шық­­­қан отбасыларға азық-түлік себеттерін де тасымалдайды, – деді Э.Есмұханова.

Қайырымды жандардың игі ісіне тәнті болған таза­лық­шылар да жастарға алғы­сын айтып, үлкендері ақ бата­сын берді. Белсенділер «Игі істер марафоны» аясын­да­ да елорда әкімдігі және «Qazaq oil» компаниясымен бір­лесе тұрғындарға 1000-нан аса азық-түлік себетін та­рат­ты.

– 2023 жылдың нау­­рыз-желтоқсан ай­лары ара­­лығында Аста­нада мұқ­таж аза­маттарға 4 мың­­­нан астам азық-түлік жиын­тығы таратылды. Бұл жолы азық-түлік жиынтығы аз қамтылған отбасылар, көп­балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына таратылады. Қораптың салмағы 45 кило және барлық жүктің салмағы 45 тоннадан асады. Азық-түлік қоржынында ұн, қант, қарақұмық, күріш, макарон, балаларға арналған тәттілер сияқты қажетті тауарлар бар, – деді Астана әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Азық-түлік себеттерінің бірін алған көпбалалы ана Роза Сырбекова акция ұйым­дас­тырушыларына көр­сет­кен көмегі үшін алғысын біл­дірді.

– Қолдау көрсеткеніңіз үшін және мерекелік көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін рах­мет. Отандастарымды Ұлыс­тың ұлы күні Наурыз мере­кесімен құттықтаймын. Бар­шаңызға денсаулық пен ашық аспан тілеймін, – деді елорда тұрғыны.

«Игі істер марафоны»­ қа­йы­рымдылық акция­сы жыл соңына дейін жал­ға­са­ды. Жал­пы, Астанада азық-тү­лік себеттері жыл сайын таратылады.