• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Наурыз, 2024

Бюро отырысы өтті

112 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құ­қық­тары саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» үкіметтік заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсы­нылады. Заңға ілеспе заң жо­балары «Неке (ерлі-зайып­ты­лық) және отбасы туралы», Қыл­мыстық, Қылмыстық іс жүр­гізу кодекстеріне, сондай-ақ «Ж­әбір­ленушілерге өтемақы қоры туралы» заңға түзетулер енгізіледі.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекс бойынша адам саудасы­ның анықтамасы кеңейтіліп, кәмелетке толмағандардың жыныстық қызметтерін пайдалану қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәй­кес медициналық ұйымдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін жауапкершілік көзделеді.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әзірлеген кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы заң жобасы енгізіледі. Құжат азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету үшін жағдай жасауға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау деңгейін арт­тыруға бағытталған. Заң жобасын екінші оқылымға дайын­дау барысында Үкімет депутат­тардың түзетулерін қолдады.

Оның ішінде, банктік қарыз­дар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті көлемін айқындау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаның банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша құқықтарды коллек­торлық агенттікке (талап­тарға) беруге 2026 жылға дейін мораторий енгізу, банк омбудсма­нына тек банктік несиелер бо­йынша дауларды қарау жөніндегі өкілеттіктерді бекіту және мик­роқаржы омбудсманы институтын енгізу мәселелері бар.

Сонымен қатар Мәжілістің күн тәртібінде 1993 жылғы 14 қаңтардағы Азаматтық және қыл­мыстық істер бойынша құқық­тық көмек көрсету туралы Қы­тай­мен жасалған шартқа, сон­дай-ақ денсаулық сақтау мәсе­лелері жөніндегі заң жобасы­на Сенаттың түзетулеріне өзгеріс­тер енгізілген хаттаманы рати­фи­кациялау туралы заң жобалары бар.

 

Соңғы жаңалықтар