Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында «Тоғызбұлақ» колхозында бастаған.
Әр жылдары «Қазақстан Темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алматы» қаржы-экономикалық орталығының есепшісі, салық есебі және бақылау бөлімінің экономисі, «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Іле аудандық пошта байланысы торабының бастығы, Райымбек ауданы Қарабұлақ селолық округінің әкімі, Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары, Кеген ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан Алматы облыстық мәслихатының төрағасы болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып сайланған Талғат Ескендірұлын аудан активімен таныстырған өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жаңа лауазым иесіне сенім арта отырып, зор міндеттер жүктеді.