• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Өнер 31 Наурыз, 2024

Димаш Құдайберген: Қиналғанға қол ұшын созу - ең басты парыз

105 рет
көрсетілді

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қазақстан халқын су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елді мекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен», деп жазды әнші.

Өнер иесі мұндайға жол бергендер жауап беретініне сенім білдіріп, бірлігімізді көрсетуге шақырды.

«Мұның себеп-салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар.

Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу - ең басты парыз.

«От пен су - тілсіз жау». Қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын!», деп жазды Димаш.