Перу полициясы заңсыз байыды деген күдікпен тергеу аясында президент Дина Болуартенің үйінде тінту жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Channelstv арнасына сілтеме жасап.
Полицияның айтуынша, тінту жария етілмеген Rolex сағаттарын «іздеу және тәркілеу үшін жасалған».
Мемлекет басшысына қатысты істі тергеуге газеттегі жарияланым себеп болған. Басылым авторлары ел президентінің қолына қымбат сағат таққан фотосуреттеріне назар аударған. Сән-салтанат заты мемлекеттік жазбаларда жарияланбаған.
Сондай-ақ тінту кезінде президенттің үйде болмағаны хабарланды.
Перу премьер-министрі Густаво Адрианцен бұл рейдті «шамадан тыс және конституцияға қайшы» деп атады. Болуартенің өзі әзірге үйіндегі тінтулерге қатысты пікір білдірген жоқ.
Дина Болуарте 2022 жылдың желтоқсанында бұрынғы президент Педро Кастильо парламентті таратып, елді жарлықпен басқаруға тырысқаннан кейін қызметіне кіріскен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Болуарте Перу президенті болған кезде оның отставкаға кетуін талап ететін наразылық акциялары жиі болған.