Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алты жыл бұрын орнатылған балауыз мүсінін алып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін тұңғыш президенттің балауыз мүсіні мұражай залдарының бірінде тұрған. Енді оның орнына Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы, Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіні қойылды.
Сондай-ақ Назарбаевтың Алматы метросындағы портреті де шешілді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті