• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2024

Ұлттық ұлан жауынгерлері мұз жару жұмыстарына қатысты

109 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кирпичный тұрғын алабында орналасқан «Green Land» демалыс аймағына жақын жерде Елек өзенінің бетіндегі мұз қатпарларын жару жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 3 сапері мен 4 техникасы қатысты. Бұдан бөлек қауіпсіздік үшін аймақты қоршау шараларына 29 жауынгері бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сіреспе мұздың көбесін сөгу жұмыстарына Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірге Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің 3 сапері мен 1 техникасы атсалысты. Сонымен қатар мұз жаруға Жедел-құтқару жасағының 8 адамы, 2 бірлік техникасы мен 2 қайығы және ТЖД-ның 4 адамы, 1 техникасы, 1 дроны жұмылдырылған. Сондай-ақ ПД-ның қызметкерлерімен қатар оқу жаттығу ротасынан 3 адам  мен 1 техника тартылған.

Ауданы 16 мың шаршы метр болатын аумақта жүргізілген жұмыс кезінде 88 кг аммонит, 1000 метр детонациялық сым, 50 дана электродетонатор, 1000 метр магистральдық сым пайдаланылды. Қолға алынған жұмыс сәтті аяқталды.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде өзен бетіндегі мұздың қозғалмай жатуы судың ернеуінен асып кетуіне әкеледі. Сондықтан да әскерилер су тасқынының ықтимал қауіп-қатерлерінің алдын алу жұмыстарын атқарды.