Ер-тоқым мен топатай Шет ауданындағы музей сөресінде тұр. Дәуір тарихы, этнографиясы, тарихи жәдігерлер жинақталған музейдегі қос бұйым көнеден келе жатыр.
Көшпелі қазақ тарихында ер-тоқым қашаннан құнды. Бұл тарихи жәдігердің иесі – Орджоникидзе атындағы ұжымшарды ұйымдастырушы, 1937 жылғы репрессияның құрбаны болған Әйеш Көбенұлы. Бұл кісі 1989 жылы ақталады. Ердің үсті қоңыр түсті былғарымен қапталған. Алдыңғы қасы оюланып, күмістелген. Ағаш және темір матриалдарын қолданған. Тарихи жәдігерді 2007 жылы музей қорына ауыл тұрғыны Әйеш Ғабидолла тапсырған екен.
Музей сөресіндегі тағы бір көне бұйым – топатай. Топатай – айналасы қалың, ағаштан иіп жасалған сүт немесе су құятын шұңғыл ыдыс. Ішіне құйылған сусынның ұзақ және биологиялық құрылымның сақталуына әсері мол. Бұл ыдысты ауыл тұрғыны, қазақ күресінен бірнеше дүркін түйе балуан атанған Самал Айнатаев тапсырыпты.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы