• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 17 Сәуір, 2024

Қазақ оқушылары Грузияда өткен олимпиадада жүлделі болды

124 рет
көрсетілді

Бүгін Грузияның Цхалтубо қаласында өткен EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математика олимпиадасының қорытындысы белгілі болды. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан сапынан 4 қыз білімдерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған 8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Анастасия Одинцова мен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Амира Кенбаева күміс медаль иеленді.

Қола жүлдені Алматыдағы Haileybury халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Арай Қасенова мен Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы Аружан Батырхан жеңіп алды.

Еске салайық, халықаралық қыздар арасындағы математикалық EGMO олимпиадасы алғаш рет 2012 жылы Кембриджде, Ұлыбританияда өтті. Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Құраманың қоржынында 3 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль бар.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті