• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Сәуір, 2024

Қоржынға Париж Олимпиадасының 43-інші жолдамасы түсті

103 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етуінше, ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев жекелей сайыста 2 000 метрлік қашықтық бойынша топ жарып, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 43-інші жолдаманы жеңіп алды.