Отандасымыз, кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында кезекті рет рингке қашан шағатынын айтты, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жәнібек Әлімханұлы 15 маусым күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде бокс кеші өтетінін, сол бәсекеде жұдырықтасытынын жариялады.
Алайда WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қарсыласы кім болатынын айтпады.
Айта кетейік, бұған дейін америкалық спорт сарапшылары отандасымыздың міндетті қарсыласы ретінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) атаған еді.
Ал Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында өткізіп, жеңіске жетті.