• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2024

Су тасқыны: 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

142 рет
көрсетілді

Республика бойынша су тасқынынан кейін 54 755 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, эвакуациялау пункттерінде 5291 адам қалды, оның 2239-ы балалар. 11205 тұрғын үй мен 3516 аула аумақтарынан судың бағыты бұрылып, сорылды. Сондай-ақ 19,3 миллион м3 астам еріген су сорылып, 7,8 миллион қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.

Елдің батысындағы жағдай шиеленісіп тұр. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болуы мүмкін. Еске сала кетейік, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атыраудағы су тасқынына қарсы құрылымдар мен екі каналдың жұмысын тексерді.

Сонымен қатар Атырау облысындағы Индербор ауылында 300-ден астам адам су сорып, бөгет салып жатыр. Жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін ауылдың бір бөлігі электр жарығынан ажыратылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті