• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Мамыр, 2024

Павлодарда мектеп оқушысы ұстазын пышақтаған

485 рет
көрсетілді

Павлодардағы мектептердің біріне суық қару кіргізген оқушы сыныптасы мен мұғаліміне шабуыл жасаған. Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растап, тиісті түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

«Полиция қызметкерлері сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен мектеп оқушысын ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.