• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Мамыр, 2024

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай?

114 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақыға қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны 3 975 641 адамды құрайды.

Осы жылдың I тоқсанында бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 382 279 теңгені құрады.

«Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады», делінген түсініктемеде.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың IV тоқсанында орташа номиналды жалақы 393 605 теңгені құраған еді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті