• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2024

Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

269 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ», деді сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.

Айта кетейік, сәуір айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатқан еді. Кейін экс-министр желіде жазба қалдырып, өз еркімен отставкаға кеткенін хабарлады.