Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз Азияның екі дүркін чемпионы атанып отыр. Ол былтыр Сингапурде өткен құрлықтық додада да тұғыр биігінен көрінген еді.