• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Мамыр, 2024

Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады - синоптиктер

1529 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге, дәлірек айтқанда 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, қазір еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды кезең өтіп жатыр. Осыған байланысты күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді желмен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді, түнде ауа температурасы 2-10 градусқа дейін төмендейді, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті