• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Бокс 21 Мамыр, 2024

Қазақстан бокс құрамасы Таиландқа аттанды

200 рет
көрсетілді

24 мамыр - 2 маусым аралығында Таиландтың бас шаһары Бангкокте бокстан соңғы лицензиялық турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Жауапты бәсекеде Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алу үшін елден 6 боксшы Таиландқа жол тартты.

Оның ішінде ерлер арасында 63, 5 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен спаррингтік жекпе-жектерде 5 салмақ бойынша топ бастаған қыздар құрамасы бар.

Олар: 

50 келі. Назым Қызайбай54 келі. Ұлжан Сәрсенбек60 келі. Римма Волосенко66 келі. Наталья Богданова75 келі. Валентина Хальзова

«Бұл екінші әлемдік лицензиялық турнирге 133 командадан 600 боксшы қатысуға өтініш білдірген. Париж Олимпиадасына 13 салмақ дәрежесінде 248 жолдама қарастырылған, соның ішінде, соңғы лицензиялық турнирде қалған 51 жолдама үлестіріледі (23 әйел, 28 ер)», делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.