• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Мамыр, 2024

Олимпиадаға жолдама: Бүгін Бангкок рингіне екі боксшымыз шығады

788 рет
көрсетілді

27 мамыр Бангкок астанасы Таиландта Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан лицензиялық турнир жалғасады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін шаршы алаңға отандастарымыз Римма Волосенко мен Валентина Хальзова шығады.

60 кг салмақ дәрежесінде Римма Волосенко германиялық боксшыға қарсы қолғап түйістіреді. Жекпе- жек Қазақстан уақытымен 11: 15-те өтеді.

Ал 75 кг салмақ дәрежесінде жолдама жолында украиналық Каролина Махномен кездеседі.

Бұл жекпе-жек Қазақстан уақытымен 16:45-те өтеді деп жоспарланған. 

Айта кетейік, бұған дейін осы лицензиялық турнирде Назым Қызайбай мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, екеуі де келесі кезеңге өтті.