WhatsApp мессенджерінде Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан алаяқтардан ақпарат таралып жатыр. Әкімдік азаматтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз! Сақ болыңыздар!», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ елде алаяқтар сот орындаушысы ретінде көрініп, азаматтардан қарызды қайтаруды талап ететін алаяқтық фактілері, ҰҚК қызметкерлерінің атын жамылған телефон алаяқтарымен байланысты оқиғалар жиілеп кетті.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті