• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2015

Сенім грамотасын тапсырды

265 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Австриядағы елшісі, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Словения Республикасының Президенті Борут Пахорға Сенім грамотасын тапсырды. Кездесу барысында қазақ­стан­дық дипломат Словения басшысына Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың сәлемін жет­кізіп, Астананың екі ел арасын­дағы инвестициялардың кеңеюіне мүдделілігін атап көрсетті. Сондай-ақ, словениялық компаниялардың қатысуы үшін тиімді алаң болып табылатын Астана қаласында өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің маңы­зы­на баса назар аударды. «Нұрлы Жол» Жаңа Эко­номи­ка­лық Саясат пен индустриялық-ин­но­вациялық бағдарламаның екінші кезеңі Словения компа­ния­ларының Қазақстанның индус­триялық жобаларына қатысуына жаңа серпін беруі ықтималдығы туралы айтылды. Өз кезегінде Б.Пахор Қазақ­стан Президентінің жылы лебі­зі­не ал­ғы­сын білдірді және Любля­на­ның Қазақстан-Словения қаты­нас­та­рына үлкен мән беретінін жеткіз­ді. Словения Президенті екі­жақты сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық­қа жоғары баға беріп, оны дамытуда айтарлықтай әлеует­тің бар екен­ді­гін атап өтті. Ерек­ше назар екі ел арасындағы ғылы­ми және мәдени алмасулар мәсе­лелеріне аударылды. Кездесу соңында Словения Пре­зиденті Борут Пахор Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін білдіріп, елшіден Елба­сы­на ыңғайлы уақытта ресми сапармен Словенияға келуге шақыруын жеткізуді өтінді. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар