Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттестіктерін білдірді.