• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Мамыр, 2024

Қазақстанда АЭС салына ма?

30 рет
көрсетілді

Атом электр станциясын конкурста жеңіске жеткен шетелдік компания салады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір оның айтуынша, алдағы уақытта конкурсқа қатысу үшін компаниялар арасында жеңімпазды анықтау жүріп жатыр.

«Мұны тендер шешеді. Қазіргі уақытта алдын ала біліктілік рәсімі жүргізілуде, Үкімет барлық өтініштерді қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Алдын ала іріктеуден Корея, Ресей, Қытай, Франция өтті. Бұл тізім толық емес. Оған қоса, біз басқа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, АҚШ әлеуетті қатысушылардың қатарында және жапондық өндірушілермен бірлескен жобалар да бар», деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы өз жолдауында АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумда шешу керектігін айтқан болатын. Оның өтетін күні әзірге белгісіз, бірақ кейін Орталық сайлау комиссиясы референдумға дайын екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің мамандары АЭС салу мәселесі бойынша тұрғындармен және мүдделі тараптармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Үкімет шешім қабылдайды.

 

Алтынай АБДЫШ,

ЕҰУ студенті