• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 28 Мамыр, 2024

«29,5 млн теңге жымқырған»: Маңғыстауда жемқор директор сотталды

114 рет
көрсетілді

Маңғыстауда колледж директоры ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Ол мекеме қызметкерлеріне тиесілі сыйақыны заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік айыптаушылар бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын талдау барысында гуманитарлық колледж директорының қызметкерлерге сыйақы төлеуге бөлінген ақшаны жымқырғанын анықтады.

«Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейінгі аралықта 29 қызметкерге сыйлықақы беру туралы негізсіз ұйғарым шығарып, 29,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз иемденген», деп хабарлады қадағалау органы.

16 мамырда Бейнеу аудандық соты директорды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген залал толық өндірілді.

Соңғы жаңалықтар