• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2015

Бас прокурор азаматтарды жеке қабылдады

227 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 қаңтар. Бас прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері негізінен қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы шағымдарға қатысты болды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Бас прокурор келген азаматтарды тыңдаған соң, шағымдарды мұқият зерделеп, заң бұзушылық анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Асхат Дауылбаевтың осыған дейінгі қабылдауында болған арызданушылардың дәйектерін тексеру үшін Бас прокуратура қылмыстық қудалау органдары қаулыларының күшін жойып, сотқа дейінгі тергеу қозғады. В.Айткожинаның өтінішін қарау нәтижесі бойынша өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылды, іс жүргізушілік шешім қабылдана отырып сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Алматы қаласының прокурорына тергеуге дейінгі тексеріс жүргізу кезінде заңдылықтың бұзылуына жол берген, сондай-ақ тиісті қадағалауды қамтамасыз етпеген кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді. К.Әміреновтің шағымы бойынша денеге зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы Ақмола облысының Бұланды аудандық ІІБ шешімінің күші жойылды, сотқа дейінгі тергеу басталды. Арызданушы Ж.Бәйменовтің дәйектерін зерделеу нәтижесімен Алматы гарнизоны бойынша ҰҚК Әскери полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс ІІМ Тергеу комитетінің әскери-тергеу басқармасына жолданды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.