• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2015

Энергетиканы дамытуға инвестициялар

264 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Пре­мьер-Министрдің бі­рін­ші орынбасары Ба­қыт­жан Сағынтаев Екібас­тұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 және «Алматы электр стан­са­сы» АҚ сияқты ірі электр стансаларының электр энер­гиясын өндіруге шекті тарифтер аясын­да инвестициялық бағдар­ла­ма­ларды жүзеге асыру мә­се­лелері бойынша кеңес өт­кізді, деп хабарлады Пре­мьер-Министрдің баспа­сөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдар, «Самұ­рық-Қазына» ҰӘҚ және энергия өндіретін кәсіпорындар басшылары қатысты. Шекті тарифтер пайда­ла­нылған соңғы 5 жылда элек­тр энергетикасына инвести­ция көлемі 5 есе артып, бар­­лығы 700 млрд. теңгеге жуық қаражатты құрады. Бұл жұ­мыс істеп жатқан жалпы қуат­ты­лығы 5000 МВт электр стансаларын жаңғыртып, тағы 1700 МВт электр қуаттылығын іске қосуға мүмкіндік берді. 2015 жылдың соңына дейін қосымша 3300 МВт қуаттылық пайдалануға беріледі. Кеңес шеңберінде Ба­қыт­жан Сағынтаев инвести­ция­лық бағдарламалар аясында өткізілетін ресурстар­ды қалпына келтіру және кәсіп­орындардың қуаттылық­тарын дамыту бойынша нақты жобаларды жүзеге асыру барысы туралы электр стансалары басшыларының есептерін тың­дады, сондай-ақ, оларды уақтылы және сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.