• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аңдатпа 06 Маусым, 2024

Аңдатпа: «Қар қызы»

73 рет
көрсетілді

11 маусым - Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Оралхан Бө­кейдің «Қар қызы» дра­масы сахналанады. Режиссері – Ш.Үмбетқалиев.

12 маусым -  «Сыған серенадасы»

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында И.Сапарбай­дың «Сыған серенадасы» мюзиклі қойылады. Режиссер-суретшісі – Е.Обаев, Т.Аралбай. Ай­та кетейік, аталған өнер ордасындағы жөндеу жұмыстарына бай­ланысты бұл қойылым Жамбыл атындағы филармония сахнасында өтеді.

 

15 маусым -  «Турандот»

«Астана опера» сахнасында Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы қойылады.

 

15 маусым - «Ата мектебі»

Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ дра­ма театрында Б.Зи­нуллиннің «Ата мектебі» ертегісі ұсы­нылады. Режиссері – Б.Өтеғалиев.