• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Маусым, 2024

ҰҚШҰ жауапкершілігі: Аймақтағы жағдай

112 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Қазақстан тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік тура­­лы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті.

Іс-шараға қатысушылар ҰҚШҰ жауап­кершілігіне қарасты аймақтағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі­нің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріп­тес­теріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыт­тарына қатысты, соның ішінде Қазақстанның Ұйымға төрағалығының басымдықтары аясындағы еліміздің ұстанымы туралы мәлімет берді.

Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы туралы» шешімінің жобасы мақұлданды.

Жиынға қатысушылар ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықты дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

ҰҚШҰ-ға Қазақстан Республикасының төрағалығы ескеріліп, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы биыл қараша айында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында Астанада өтеді.