Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша жалпы құны 55 млн теңге болатын 851 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Прокуратураның хабарлауынша, жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 тұлғаға Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.
«Бұдан бөлек ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған кадастрлық құны 163,4 млн теңгенің 7069 гектарды құрайтын 158 жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік – 13,4 млн теңгеге 6712 гектар, жайылымдық - 150 млн теңгеге 357 гектар) анықталды», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Уәкілетті орган жер учаскелеріне қатысты ұйғарым шығарып, мемлекетке мәжбүрлеп қайтару шараларын қабылдап жатыр.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті