• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2015

Германия канцлері мұсылмандарға қолдау білдірді

480 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 қаңтар. Германия канцлері Ангела Меркель Берлиндегі мұсылман жамағаты ұйымдастырған митингке қатысып, ислам дініне бағытталған қарсылыққа қатысты өз ой-пікірін білдірді. Бұл туралы muslim.kz хабарлады. «Ислам діні Германияның ажырамас бір бөлігі», – деп мәлімдеді Ангела Меркель. Сондай-ақ, кеше Бранденбург қақпасы алдында 28 мұсылман ұйымының басын біріктірген Мұсылмандар орталық кеңесінің ұйымдастыруымен «Лаңкестік бізден емес» атты жиын болып өтті. Мұсылмандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға Германия президенті Иоахим Гаук те қатысты. Осылайша, И.Гаук пен А.Меркель және неміс мұсылмандарының көшбасшысы Айман Мазъек бастаған топ француз елшілігінің алдында бір минут үнсіздік жариялап, құрбан болғандарды еске алды. Айдар Өрісбаев. Дерек: muslim.kz. Сурет: info-islam.ru
Соңғы жаңалықтар